Қызылордада жазасын өтеушілер арасында үздік психологиялық қабырға газеті байқауы өтті

1 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚАЖДҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында «Үздік психологиялық қабырға газеті» байқауы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Шараның мақсаты – жазасын өтеушілерді шығармашылыққа баулу, олардың психологиялық көңіл күйіне оң әсер ету және мекемеде жағымды ахуал қалыптастыру.

Байқауға қатысушыларға «Өмірге жаңа қадам» және «Жақсы өмір – өз қолыңда» тақырыптары ұсынылды. Жазасын өтеушілер берілген тақырыптар аясында өз ой-қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Қабырға газеттерін әзірлеу барысында қатысушылар сурет салу, түрлі түсті қағаздар мен қолөнер элементтерін пайдаланып, әр жұмысқа өзіндік мазмұн берді. Шығармашылық жұмыстардан олардың өмірге деген көзқарасы мен болашаққа деген үміті көрініс тапты.Фото: ҚАЖД

«Өмірге жаңа қадам» тақырыбы маған ерекше әсер етті. Өйткені әр адамның өмірінде қателігін түсініп, алға қарай ұмтылатын кезең болады. Осы жұмыс арқылы өз ойымды жеткізуге тырыстым. Мұндай шараларға қатысу көңіл-күйімізді көтеріп, бос уақытымызды пайдалы өткізуге мүмкіндік береді, – деді байқауға қатысқан жазасын өтеуші.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мекеме бастығының бұйрығымен  марапатталды.

Мекемеде ұйымдастырылатын мәдени және психологиялық бағыттағы іс-шаралар жазасын өтеушілердің шығармашылық қабілетін дамытуға, өмірлік құндылықтарын қайта қарауына, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.