Қызылордада анасы мен сәбиін көлік қағып, нәресте көз жұмды

1 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Threads/__maratovna.1Қызылордада әйел мен кішкентай баласын көлік қағып, салдарынан нәресте көз жұмды. Ауыр жарақат алған анасы жансақтау бөліміне жеткізілген. Ал жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің кім екені анықталғанымен, әзірге қолға түспеген, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар тарады. Жарияланған мәліметтерге сүйенсек, Mitsubishi Lancer көлігінің жүргізушісі әйел мен оның кішкентай баласын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көлікті 2000 жылы туған жүргізуші басқарғаны айтылып жатыр.

Жол апатынан әйел ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, оның басы жарақаттанып, қабырғалары мен жамбас сүйегі сынған. Қасында 2026 жылғы 20 мамырда дүниеге келген ұлы болған. Басынан жарақат алған нәрестені де дәрігерлер ауруханаға жеткізгенімен, оның өмірін сақтап қала алмаған.

Қазір әлеуметтік желі қолданушылары күдіктіні іздестіруге қатысты суреттерді таратып жатыр. Ал Қызылорда облысының Полиция департаменті жүргізушінің жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

"Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кетіп қалу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Қызылорда облысының Полиция департаменті оның жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қалаға кіре беріс жолдарда бақылау күшейтілді. Күдіктіні іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларына Полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды", – деп хабарлады ведомство.

Полиция күдіктіні іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Оны ұстау үшін қалаға кіретін жолдарда бақылау күшейтіліп, тәртіп сақшылары жұмылдырылған. Әзірге жүргізушінің қайда жүргені белгісіз.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.