"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақастандық көлігінің ұрланған боп шыққанын білмеген

1 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИӘлеуметтік желіде Маңғыстау облысының тұрғыны осыдан 2 жыл бұрын көлік сатып алып, оның несиесін төлеп келгенін жазды. Биыл несиесі аяқталғанда полиция департаменті оның көлігін алып қойған. Сөзінше, көлік Ресейде ұрланған. Ал көліктің қазіргі иесі оны білмеген, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпараттық агенттігі.

Маңғыстаулық тұрғынның сөзінше ол Kia Optima 2020 автокөлігін 2 жылдың несиеге алып барлығын уақытылы, кешіктірмей төлеп отырған.

“Осыдан кейін көлікті Kaspi Bank кепілдігінен шығардым. Несиені толық өтегеннен бері 7 ай өтті. Алдыңғы күні маған құзырлы органнан қоңырау шалды, содан кейін көлікті айып тұрағына жіберіп, кілтті алып қойды. Маған көліктің Ресейде іздеуде екенін түсіндірді”, – деді автор.

Өз жазбасында автор жедел уәкіл оған айып тұрағынан алып шығу үшін тағы да төлеу керектігін айтқанын мәлімдеді. Айтуынша, кейін банкке барып көлікті алу кезінде банк тарапынан қате кеткенін дәлелдеп, ақшаны қайтаруды сұрау керек.

“Мен көлікті Ақтау қаласында барлығын ресми рәсімдедім. Несиені уақыты төлеп отырдым. Енді қазір көліксіз қалдым. Осындай жағдайға тап болғандар бар ма? Енді маған не істеу керек, қай барсам болады және көлікті қалай қайтарып алсам болады?”, – деді Threads қолданушысы.

Дәл осындай жағайға өзге де қазақстандықтар тап болған жағдайда не істеу керек?  Көлік заңгері Павел Артюняннан сұрап білді. Заңгердің сөзінше, бұл жағдай ұрлыққа ешқандай қатысы жоқ болуы мүмкін. Көлік бұрынғы иесінің өтелмеген кредиттік міндеттемелеріне байланысты өндіріп алуға жатуы немесе лизингке алынған болуы мүмкін.

Көлікті банк тексермеген жағдайда оның сатып алушы алдындағы жауапкершілігі туралы да сөз болды. Заңгердің айтуынша, банк пен клиент арасындағы шарт, әдетте, кредит беруге қатысты жасалады. Сондықтан келісімде көліктің заңдылығына байланысты банк жауапкершілігі қарастырылмаса, оған тікелей талап қоюға негіз болмауы мүмкін.

Заңгер екі жыл бойы несие төлеген сатып алушы алдымен көліктің неліктен іздеуде тұрғанын және қандай негізде тәркіленгенін анықтауы керегін айтты. Ол үшін көлікті алып қойған құқық қорғау органына жүгініп, іздеуге бастамашы болған орган туралы мәлімет алған жөн. Кейін Ресейдің тиісті органдарына сұрау жіберіп, көліктің құқықтық мәртебесін тексеруге болады.

"Сатып алушы көлікті адал ниетпен сатып алғанын растау үшін сатып алу-сату шартын және көлікке қатысты құжаттарды ұсынуы керек", – деді Павел Артюнян.

Заңгердің сөзінше, сатып алушының құқығын қорғаудың бір жолы – көлікті сатқан бұрынғы иесіне талап қою. Ол сатушыдан сатып алу-сату шартын бұзуды және келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады. Егер сатушы талапты орындамаса, сотқа жүгінуге болады.

Заңгер 2 жыл бойы төлеген несиенің ақшасын енді кім қайтаратынын да айтты. Сөзінше, көліктің неліктен іздеуде тұрғанын және қандай себеппен тәркіленгенін анықтау қажет. Яғни алдымен көлікті алып қойған құқық қорғау органынан оның тәркіленуіне бастамашы болған органның қайсы екенін анықтаған жөн. Содан кейін Ресей Федерациясының тиісті органдарына сұрау жіберіп, көлік туралы мәліметтерді тексеруге болады. 

“Сатып алушы өзінің адал ниетпен көлік сатып алғанын растау үшін сатып алу-сату шартын және көлікке қатысты құжаттарды ұсынуы керек. Сонымен қатар Ресейде көліктің кепілде тұрған-тұрмағанын тексеруге арналған ашық дереккөздер бар. Мысалы, кепілдегі мүлік тізілімі. Бұрын Ресейдің жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инспекциясының (ГИБДД) сервисі арқылы да көлік туралы ақпаратты тексеруге болатын еді”, – деді Павел Артюнян.

Көлігі тәркіленген жағдайда не істеу керек?

Заңгердің айтуынша, мұндай жағдайда сатып алушы алдымен көліктің неліктен іздеуде тұрғанын және қандай негізде тәркіленгенін анықтауы керек. Ол үшін:

Көлікті тәркілеген органнан ақпарат алу. Көліктің қандай себеппен айып тұрағына қойылғанын, іздеуге қай орган бастамашы болғанын және қандай құқықтық негізде тәркіленгенін анықтау қажет.

Ресей тарапынан мәліметтерді тексеру. Көлік Ресейде қандай себеппен іздеуде тұрғанын анықтау үшін тиісті құқық қорғау органдарына сұрау жіберуге болады. Оның ұрлыққа, кепіл міндеттемелеріне немесе басқа да құқықтық мәселелерге қатысы бар-жоғын нақтылау маңызды.

Көлікті сатып алу кезінде жасалған құжаттарды жинау. Сатып алушы көлікті заңды түрде және адал ниетпен сатып алғанын растау үшін сатып алу-сату шартын, көлікке қатысты құжаттарды, төлем түбіртектерін және несиенің толық өтелгенін растайтын құжаттарды сақтауы керек.

Көліктің бұрынғы иесіне талап қою. Егер көлікті сатқан адам оны сату кезінде маңызды ақпаратты жасырғаны немесе көлікті беруге құқығы болмағаны анықталса, сатып алушы сатып алу-сату шартын бұзуды және келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады. Ол үшін алдымен сатушыға сотқа дейінгі талап-арыз жіберген жөн.

Қажет болса, сотқа жүгіну. Егер бұрынғы иесі талапты орындаудан бас тартса, сатып алушы өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіне алады.

Банкке қатысты жағдайды нақтылау. Егер сатып алушы банктің көлікті тексеру кезінде қателік жібергенін алға тартса, банк пен клиент арасындағы шарттарды қарап, қаржы ұйымының жауапкершілігі қарастырылған-қарастырылмағанын анықтау қажет. Алайда көліктің тәркіленуі банктің автоматты түрде жауапты екенін білдірмейді.

Сөз соңында алдымен көлікті сатқан бұрынғы иесіне сотқа дейінгі талап-арыз жіберіп, сатып алу-сату шартын бұзуды және шығынды өтеуді талап ету қажет екенін түсіндірді. Егер сатушы талапты орындамаса, азамат өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгіне алады.

“Дегенмен, әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарап, көліктің тәркіленуіне банктің қатысы бар деп айта алмаймын. Егер кредит толық өтелсе, банктің бұл көлікке қатысты талаптары болмауы да мүмкін. Нақты әрі толық кеңес беру үшін көліктің Ресейде қандай себеппен іздеуде тұрғанын анықтау керек. Оның қылмыстық іске қатысы бар ма, әлде қандай да бір қарыз міндеттемелеріне байланысты тәркіленген бе – мұның бәрі істің мән-жайына байланысты”, – деп сөзін қорытындылады заңгер. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.