Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды

1 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды электронды білезіктер арқылы бақылау өз тиімділігін көрсетіп отыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері осы құрылғылардың көмегімен 104 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 97 жағдайда сотталғандардың түнгі уақытта белгіленген мекенжайынан рұқсатсыз кеткені тіркелсе, төрт дерек пробация қызметінің келісімінсіз әкімшілік аумақтан шыққан азаматтарға қатысты болған. 

Ал үш жағдайда электронды білезіктің бүлінгені анықталған. Электронды білезіктер жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған, шартты түрде сотталған немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін азаматтарға қолданылады. Бұл құрылғылар тәулік бойы бақылау жүргізуге және сот жүктеген міндеттер мен шектеулердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді. 

Жыл басынан бері пробациялық бақылаудағы 24 сотталған жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы мәселені қарау мақсатында сотқа ұсынылған. Жуырда пробация қызметінің есебінде тұрған тағы бір азаматқа электронды білезік тағылды. Ол қызмет талаптарын жүйелі түрде орындамай, сот жүктеген міндеттерден жалтарған. Қазіргі уақытта азамат электронды құрылғы арқылы бақылауға алынған. 

Бұған өзім кінәлімін. Ұрлық жасап, оңай олжаға кенелгім келді. Маған да электронды білезік тағылды. Бұл құрылғы маған кедергі келтірмейді, керісінше, тәртіп сақтауыма көмектесіп отыр. Енді құқық бұзғым келмейді. Жазамды өтеп, пробация есебінен шығуды қалаймын, — дейді есептегі азамат. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі сотталғандарды қоғамға бейімдеу, олардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.