"Екінші рет тұрмыс құрудан бас тарттым" - Айжұлдыз

884

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Музыкант, дизайнер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова осы жылы жеткен жетістіктері мен орындалмай қалған мақсаттары туралы айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жанар Айжанованың қызы пәтер алып, анасы мен әпкесін Меккеге жіберіп, алты елге саяхат жасағанын айтып осы жылғы жетістіктерімен бөлісті. 

“Менің нәтижем: кинокартинаға түстім, музыка шығарып, бейнебаян түсірдім, құрбыммен Меккеге бардым, мешіттің салынуына ат салыстым”, – деп толықтырды ол.

Сондай-ақ Айжұлдыз орындалмай қалған мақсаттарының да тізімін жазды. 

“Досымды жоғалттым. Қазір мүлдем араласпаймыз. Бұл екеуімізге де сабақ болды. Анама көлік әпере алмадым. Уақыт болмағандықтан, түрік тілін үйрене алмадым. Десе де, бұл жай ғана сылтау”, – деп жазды Айжұлдыз. 

Актриса белгісіз азаматтың өзіне үйленуге ұсыныс жасағанын айтты.

“Маған ұсыныс жасады. Бірақ мен бас тарттым. Мен еркіндікті жақсы көремін. Алда жоспар көп”, – деп себебін түсіндірді ол.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.