Актриса Жанель Мақажан мешітте некесін қидырды

526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://www.instagram.com/janellemakajan/Отандық танымал актриса Жанель Мақажан мен оның сүйіктісі Абай Асылханұлы мешітте шариғат бойынша некелерін қидырды. Өнер иесі өміріндегі аса әсерлі сәтімен Instagram желісінде бөліскен.


Жанель Мақажан қуанышты хабарын өзінің жеке парақшасында жеткізген. Актриса жолдасы екеуінің мешіт алдындағы суретін жариялап, қалың көпшілікке некесін қидырғанын хабарлады.


"Ұлы Аллаһ Тағаланың атымен бастау алған некеміз құтты болғай! Мен сені Аллаһ разылығы үшін жақсы көрем! Құттықтауларыңызды жаудыра берсеңіздер болады", - деп жазып қойған өнер иесі. 


Желі қолданушылары қос ғашық үшін аса қатты қуанып, өз құттықтауларын жаудырды. Олар отбасын құрған Жанель мен Абайға ақ тілектерін жолдап, жылы лебіздерін білдірді.


 "Бақытты болыңдар. Махаббаттарың баянды болсын", "Барлық актрисалар бірінен соң бірі кетіп жатыр", "Бағың ашылсын", "Сендер үшін аса қатты қуаныштымын", "Бақытты күндерің көп болғай", "Бар жақсылық тілеймін", - деп жазуда желідегілер. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.