Айдар Тұрғамбек әйеліне ерекше тосын сый жасады

8 043

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек келіншегімен отасқанына он жыл болуына орай, оған естен кетпес тосын сый жасаған. Өнер иесі өмірдің ыстығы мен суығына да өзімен бірге көніп келе жатқан асыл жарына өз алғысын білдірді.

Айдар Тұрғамбек келіншегін қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Эстрада жұлдызы жарына жасаған тосын сыйының видеосымен бөлісіп, барша жанкүйерлерін тәнті етті.


 Әнші әйелін далаға шақырып алып, оған дайындап қойған сыйлығы мен гүл шоғын тарту еткен. Өнер иесінің ғашығы мұндай құттықтауға қатты таңғалған.


 "Достар менде бүгін аса қуанышты жағдай. Бүгін әйелім, балаларымның анасымен отасқанымызға он жыл болды. Өте қуаныштымын. Менің мінезіме де, ыстығым мен суығыма да көніп келе жатқан асыл жарыма алғысым шексіз", - деді ол.


 Әнші негізі мұндай романтикалық қадамдарға аса жоқ екенін жасырмай айтты. 
 

 шын жүректен құттықтап, өз ақ тілектерін жолдады.

 "Бақытты болыңыздар", "Қандай керемет. Келіншегіңіз қуанып қалды", "Жарайсыз, махаббаттарыңыз баянды болсын", "Айдар әйел адамға деген сыйластығыңыз жоғары деңгейде екені көрініп тұр", "Сіздерге тек қана бақыт тілеймін. Бірге қартайып, немерелеріңіздің қызығына тоймай жүре беріңіздер", - деп жазуда көпшілік. 
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.