"Қалыңмал дайындап қойдым": Еспанов жалғыз ұлын үйлендірмек

2 511

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әнші Нұрлан Еспанов ұлы Олжасты кезінде үйлендірмей қойған. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында баласын биыл шаңырақ көтеруге үгіттеп жүргенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 "Ұлым бірінші рет үйленуге ниеттенгенде, ол жас болды. Отбасын қамтамасыз ете алмайтын еді. Ол қыз басқа ұлттан болды. Мен балама ұрысқан да жоқпын. "Қалай болар екен? Мен де бір күні қартаятын шығармын. Сенің қолыңда тұрамыз. Басқа ұлттың қызын алдың. Ол жақтың салт-дәстүрін білмейміз" деп тоқтатқаным бар", - деді Нұрлан Еспанов. 

Сонымен қатар әнші болашақ келініне қалыңмал дайындап қойғанын айтты.

 "Саған келін іздеуге өзім шығамын дедім. "Олжас, биыл үйленбесең, қыз іздеуге өзім шығамын. Не маған ұнайтын қыз аласың. Не өзіңе ұнайтын қыз аласың. Маған 2-3 айдың ішінде айт" дедім. Мен дайын отырмын. Қалыңмал бәрін дайындап қойғанмын", - деді Нұрлан Еспанов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.