Жанель Мақажан: Балалардың әкесі той жүргізіп жүр, бірақ алимент төлемейді

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Instagram/janellemakajan/abay.asylkhanАктриса Жанель Мақажан бұрынғы күйеуі Абай Асылханға қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Өнер иесінің сөзінше, қыздарының әкесі үш айдан астам уақыттан бері балаларына моральдық та, материалдық та қолдау көрсетпей келеді, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жанель Мақажанның айтуынша, жұбайы отбасынан кеткен кезде балалардың күтушісі, тамағы, балабақшасы, киім-кешегі мен өзге де шығындарын өз мойнына алатынын айтқан. Алайда актриса бұл уәденің орындалмағанын алға тартты.

“2-3 ай бұрын қыздардың әкесі кеткен кезде күтушісін, тамағын, балабақшасын, киім-кешегін, жалпы барлық материалдық жағдайын өз мойныма аламын деген. Сол күйі сөз жүзінде қалды. Бірақ қыздарды қаржылай қамтамасыз ету қажет екенін қанша айтқаныммен, сөзім тыңдалмай келеді”, – деп жазды ол.

Актриса бұрынғы күйеуінің түрлі той мен іс-шара жүргізіп жүргенін еститінін де айтты. Осыған байланысты ол заңгердің көмегіне жүгінуге ниетті екенін жеткізді.

“Неше той, іс-шара жүргізіп жатқанын ұзынқұлақтан естіп жатырмыз. Бір-екеуін салып, басым көпшілігін жасырып жүр екен. Маған тіпті фото, видеоларын сыртынан жіберіп жатқан адамдар бар. Сол себепті өзіме мықты адвокат іздеймін”, – деді Жанель Мақажан.

Өнер иесі оқырмандарынан да көмек сұрады. Ол қандай да бір іс-шарада қыздарының әкесін көрген жағдайда фото немесе видео жіберуді өтінді.

“Баланы дүниеге әкеліп, оның барлық жауапкершілігінен қашқан адам адамгершілікпен түсінбесе, онда заң қолдану керек деп ойлаймын”, – деп жазды актриса.

Жанель Мақажан сондай-ақ бұрынғы күйеуіне балалардың ауырып жатқанын, дәрі-дәрмек, жөргек, қоспа, киім мен азық-түлік қажет екенін жазған хабарламасын да жариялады.

“Неге мұны көпшілікке айтып отыр деп сөкпеңіздер. Кей адамдарда бұғатта тұрмыз, ақша сұрап, мазасын алып қойдық”, – деп түсіндірді ол.   

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.