Із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

1 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚарағанды облысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен әйелдің мәйіті табылды. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

13 қарашада жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласынан 22 шақырым қашықтықта 38 жастағы қала тұрғынының мәйіті анықталды. Әйел бұған дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында іздеуде болған. Мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, - деп жауап жолдады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Тергеу барысы Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.