"Сатқындық жасады": Дильназ Ахмадиева Мақпал Исабековамен неге араласпай кеткенін ашып айтты

2 540

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadievaҚазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева жақын құрбысы болған Мақпал Исабековамен неге араласпай кеткенін ашып айтты. Ол екеуінің достығына қатысты бар шындықты ақтарды , - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Дильназ Ахмадиева Тимур Балымбетовке ашыла сұхбат беріп, достары жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесінің сөзінше, оның достықтан жолы болмады. 

Әнші тіпті жақын құрбысы Мақпал Исабековамен де араласпай кеткен. Қос жұлдыздың байланысын үзгеніне төрт жылдай уақыт болған. 

"Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әр түрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Соңғы кезде қасымдағы жақындарым азайып қалды. Анамды есептемегенде жақын деген үш адамым ғана бар. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын", - деді Ахмадиева.


 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.