Қайрат Нұртас әнші Назимаға гүл сыйлаймын деп халықтан сөз естіді

2 335

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотТанымал хитмен Қайрат Нұртас жеке парақшасында әнші Назимаға бір құшақ гүл ұсынып жатқан сәтін жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иелері бірге клип түсіріп жатқан көрінеді. Алғашында жұрт ол қызды Жұлдызға ұқсатты. Бірақ әнші Назиманы көргенде қуаныштары су сепкендей басылды. 

“Жұлдызға ұқсатқандар біргеміз”, “Неге шулайсыңдар, жай ғана клип емес пе?!”, “Бала-шағасымен бірге болудың орнына, жас қызбен жүр”, “Осындай іс-әрекеттеріне көніп жүрген Жұлдыз мықты екен”, “40 жастағы адамның қылығы осындай бола ма?!”, “Ана жақта әйелі бесінші баласын босанып жатыр. Бұл шешесі екеуі ақшаның соңында жүр”, “Осы гүлді Жұлдызға қашан бересің?!” – деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, өнер иелері Жұлдыз бен Қайрат бесінші рет ата-ана атанған еді. Алайда гендер патиге баланың әкесі Қайрат қатыспай қалғанын айтқан еді. 

“Жұмыста жүріп, түнделетіп қайттым. Мен жоқта гендер пати шырақтары жанып қызық болыпты. Байқадым…", – деді өнер иесі. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.