Халық әртісі атағын алған соң үйленемін – Әлішер Кәрімов

2 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотТанымал әнші Әлішер Кәрімов жеке өміріне қатысты қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі ата-анасына берген уәдесін орындап, жақын арада шаңырақ көтеретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әншінің бұл жаңалығы оның тыңдармандары мен жанкүйерлерін ерекше қуантты. Көпшілік әлеуметтік желіде Әлішерге ақ тілектерін жаудырып, бақытты отбасы мен жақсы жар жолықтыруын тілеуде.Өнер иесі өз сөзінде бұл шешімге саналы түрде келгенін айтты.

«Менің уақытым келді, үйленгім келеді. Әке-шешеме уәде бергенмін. Халық әртісі атағын алған соң үйленемін деп уәде еттім. Енді үйлену керек», – деп жауап берді әнші.

Айта кетейік, Әлішер Кәрімов бұған дейін жеке өмірін көпшілікке жария етпеуге тырысқан. Сондықтан оның үйлену туралы мәлімдемесі ел арасында қызу талқыланып жатыр.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.