KeshYOU тобы әйгілі Snoop Dogg-пен бірлесіп ән жазды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстандық танымал KeshYOU тобы әлемге әйгілі рэпер Snoop Dogg-пен бірлесіп коллаборация жасады. Отандық топ әлемдік жұлдызбен жұмысты бастап кеткен. Қазіргі уақытта KeshYOU тобы Лос-Анджелес қаласында бейнебаян түсіріп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
KeshYOU тобы Snoop Dogg-пен ән жазып жатқанын өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады. Қазіргі уақытта отандық танымал әнші арулар әлемге әйгілі рэп орындаушымен бірге Лос-Анджелес қаласында бейнебаян түсіруде.
Желіде клиптің түсірілімінен үзінді жарияланды. KeshYOU тобының продюсері түсірілім алдында Snoop Dogg-қа қазақтың ұлттық шапанын жапты. Желі қолданушылары бұл коллаборацияға қатты қуанып, тың туындыны асыға күтетінін жазуда.
Қаз
Рус






