Әсел Асқар отбасылық өмірде зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтты

2 540

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жас актриса әрі блогер Әсел Асқар отбасылық өмірде зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі ақыр-соңы өзіне күш көрсеткен жолдасынан ажырасып кеткен.


Әсел Асқар өміріндегі ауыр кезеңде жақындарының қолдауы аса ерекше болғанын жеткізді. Актриса басынан өткен жағдайды "Revue News" бағдарламасында айтып берді. 

"Бұл мен үшін өте өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені осы зорлық-зомбылық өкінішке орай өз басымнан өтті. Одан құтылдым, құдайға шүкір. Сол кезде ата-анамның қолдауы елеулі болды. "Шыдап жүрмейсің, жалғыз қызымызсың, сен мұндай өмірге лайықты емессің" деді. Сосын Бүркіт ағам да қолдауын білдірді. Ол "мұндайға көз жұмуға болмайды, бұл не деген сұмдық" деді", - деп ағынан жарылды блогер.


 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.