Тұрсынбек Қабатовтың жары анасын сағынып жүргенін айтты

2 546

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/moldir.mtӘзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова анасын сағынып жүргенін айтты,  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Анамның ғұмыры қысқа болғанымен, алты баласының жүрегіндегі өмірі ұзақ. Анамның күліп отырып жылап қоятын, жылап отырып күле салатыны есімде. Түсінбей қарап отыратын едім жүзіне. Сөйтсем, есейгенде өзің де сондай болып кетеді екенсің ғой. Анам да өз анасын сағынған-ау деп қазір көп ойлаймын. Ана туралы ән болсын, әңгіме болсын, анам толқып отырушы еді…Әркімнің сағынышы өз ішінде ғой. Біз де, бауырлар жинала қалсақ, көз жанарымыз жасқа да толатын кездер де көп, анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды. Фотолары да аз. Жақында бір іс-шара болғалы жатыр еді, бар фото-видеоларды ақтарып отырып, жүрегім толқып, тамағыма жас тығылып отыр. Мама, мен сені жақсы көремін деп айтқым келеді, құшақтап, кеудесіне басымды қойып, құшағында отырып “Мама, мен сені жақсы көремін” деп анамның өзіне айтқым келеді. Анамды сағындым…», - деп жазды Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.