Төреғали Төреәліні концерт алаңында 25 мың адам 10 сағат бойы күтіп тұрған

2 522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

© Sputnik / Владислав ВодневТанымал әнші Төреғали Төреәліні 25 мың адам концерт алаңында он сағат бойы тік тұрып күткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Төреғали Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

"Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуаттағы концерттегі қызықтармен бөлісейін", - деген ол өзі көлікте отырып түсірген терезеден қолын ұстауға тырысқан фанат балалардың видеосын жариялады. 



"Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын", - деген әнші сахнада түсірген видеоларымен де бөлісті. 



"Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс", - деген тыңдарманының пікірін де желіде жариялады әнші. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.