Гүлзира Айдарбекова бақытты болудың құпиясын айтты

2 290

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/ gulziraaidarbekovaГүлзира Айдарбекова бақытты өмір сүруге қатысты ойлы жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Продюсер бақытты болудың сырын ашып, ешкіммен жарыспай өмір сүретінін айтты.


“Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін. Сен неге екенін білесің бе?! Өйткені мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Күту – әрқашан ауыр. Өмір қысқа… Бақытты бол және күлімде”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.


Одан кейін продюсер барша жұртқа жолдасы екеуінің махаббаты жұғысты болуын тіледі. 

"Сіздерге де біздің махаббат жұғысты болсын! Махаббаттарыңыз мәңгі болып, ұзақ жылдар, өмірдің ащы-тұщысын бірге татитын баянды махаббат тіледім! Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Барымызды бағалайық!”, – деді продюсер.

Өз кезегінде продюсердің жолдасы Нұртас Айдарбеков әйелін сәл көрмей қалса сағынатынын жазды. 

“Кешегі постымда бір кісілер жазыпты: “Апамызды сағынып отырсыз-ау” деп. Айтайын десем, балалардан ұялам, шынымды айтсам солай болып тұр. Найманның қызын алтыншы күн көрмей қалып едім, шынымен де бір түрлі сағынып отырғаным”, – деп күлдірді Қайрат Нұртастың әкесі. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.