Ерке Есмахан бірінші некесіне қатысты сұраққа жауап берді

2 731

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/erke_esmahanТанымал әнші Ерке Есмахан бірінші некесіне қатысты сұраққа жауап беріп, оқырмандарымен сырласты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысы өнер иесіне “35 мың теңге алимент алатыныңыз рас па?” деп сұрақ қойды. 

“Ешқашан алиментке арыз жазбағанмын. Алимент алмағанмын. Ешқашан көмек сұрамағанмын. Бала өз несібесімен туады дегенге сендім. Жұмыс істеп, өзім өсірдім. Нағашылары бағып, қақты. Шүкір! Отау құрған соң күйеуім Мүсілімді жанымызға алды. Одан кейін не ішеді, не киеді дегенді ойламадым. Кейде осы тарапты ойласам, көзіме қуаныштан жас келеді”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ отбасындағы ұрыс-жанжалдың көбеюіне қатысты да пікір білдірді. 

“Сіздерді түсінемін. Отбасында гармония болмаса, маза кетеді. Береке қашады. Бірақ мен біреудің отбасына барып, ақыл айтпаймын. “Сүйт, бүйт” деп айта алмаймын. Жағдай әртүрлі болады. Ақылым зиян болып тиіп кетуі мүмкін. Алладан қорқамын. Сондықтан, бірінші күйеулеріңізбен ашық сөйлесіп, дос ретінде шер тарқатыңдар. Ортақ бір шешімге келіңдер! Басқа емес, өз жараларыңызды өздеріңіз емдеңіздер!”, – деп кеңес айтты эстрада жұлдызы. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.