Ләйлә Сұлтанқызы ақылы онлайн тойларға қатысты пікір білдірді

2 964

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Instagram/sultankyzyЕліміздің танымал журналисті Ләйлә Сұлтанқызы онлайн тойлардың өтуіне байланысты пікір білдірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілі тойдың өзгеше дамуы креатив деп баға берді.

“Сәкеннің ұлының онлайн тойына байланысты түрлі пікір болып жатыр. Мынадай деректі бөліскім келеді. Менің кіші ұлым осыдан бірнеше жыл бұрын америкалық әншінің концертіне онлайн билет алып, ақылы тіркелген. Бір компьютерлік ойынды көру үшін ақылы тіркелген. Сәкен – қазақтың біртуар азаматы. Қоғамға қосып жүрген еңбектерін жақсы білемін. Біздің қорға да ақша беріп, көмектескен. Қуанышты бөліссең көбейеді деген. Егер сұраныс болып тұрса, заң бұзылмаса, адам құқығы тапталмаса салық төленсе, бұл – креатив идея. Оның үстіне ұр да жық, талас, ойын, стримдерді сатып алып, көріп жүрген заманнанбыз ғой”, – деді Ләйлә.


 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.