Бадықова: Мықты әйелдерді көпшілік онша ұнатпайды

2 538

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/dariga_badykova/Қазақстандық актриса, кино жұлдызы Дариға Бадықова Instagram желісінде мықты әйел болу тақырыбында оқырмандарымен ой бөлісті. Актрисаның айтуынша, мықты әйелдер ешкімге тәуелді болмайды, көмек сұрамайды және бәрін өз күшімен жасайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Мықты әйелдер ешкімге ұнамайды. Өйткені олар ешкімге жүгінбейді, ешкімнен ештеңе күтпейді. Бәрін өз күшімен, өз жүрегімен жасайды», – деп жазды Бадықова.

Актриса өз тәжірибесінде мықтылық пен тәуелсіздіктің жеке өмірде де, өнерде де кейде қиындықтар туғызатынын атап өтті. Ол мықтыларды түсінетін адамдар аз екенін, көп жағдайда сынайтындар көп болатынын айтты.

«Өмір заңдылығы: адамдар мүсәпір болса – жұбатқысы келеді, құрбан болса – аяғысы келеді, ал мықты болсаң – онша ұнатпайды. Мықты әйел – айна, әркімнің өз әлсіздігін өзіне көрсетеді», – деді актриса.

Сонымен қатар Бадықова мықты болып көрінгенімен, ішкі тұрғыдан эмоцияларын жасырмай, кейде жалғыздық сезіміне берілуі мүмкін екенін мойындайды. Ол өз әлсіз тұстарын ашуға намыстанатынын, сондықтан көбінесе тәуелсіз болып көрінетінін де жеткізді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.