"Тексеру керек" туған күнінде қонақтарға гаухар жүзік таратқан блогер сынға қалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Bota_mia есімімен белгілі блогер Ақбота Нұрахын туған күнінде қонақтарға гауһар таспен көмкерілген жүзік таратты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл әрекет қоғамда қызу пікірталас туғызды. Желі қолданушылары блогердің сыйлығын ысырапшылдыққа балап, танымал блогерлердің табысын тексеру қажеттігін айтты.
«Осынша адамға гауһар беру үшін қанша ақша қажет? Қарапайым бизнесті тексергенше, бұларды неге тексермейді? Не деген батпан құйрық?» – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Қазіргі уақытта Ақбота Нұрахын бұл сынға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
Қаз
Рус






