Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова театрға жұмысқа тұрды

512

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Актриса мамандығын бітірген Жұлдыз Әбдукәрімова театрға жұмысқа орналасты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдыз Әбдукәрімова күйеуі Қайрат Нұртаспен бір академияда білім алған. Мамандығы - актриса. Студент кезінде театрда жұмыс жасағанымен, тұрмысқа шыққан соң өзін толықтай отбасына арнаған. Біршама уақыт үзілістен кейін қайта осы салаға оралғанын хабарлады. Алғашқы қойылымның күні де белгілі. 

"Қашан сізді кинодан, театрдан көреміз?" деген ең жиі қойылатын сұраққа бүгін жауап бере кетейін. Араға 10 жылдан астам уақыт салып, театр төріне қайта оралдым. Алланың қалауымен, бұл қадамым киелі өңірдің жаңа театрынан @turkistan_theatre бастау алды. Мұны өзім іштей жақсылыққа жорыдым.
Жүректің күй сандығынан тәтті ән шығарар сезімге толы сырлы пьеса "Махаббат мұнарасында" мен Сұлудың рөлінде ойнаймын. Өнердің шын жанашырлары мен менің қолдаушыларымды 17-18 желтоқсан күні @turkistan_theatre-на шақырамын", - деп Жұлдыз әлеуметтік желіде бөлісті .




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.