"Басты рөлдердің бірінде ойнайды": Қайрат Нұртастың қызы киноға түспек

2 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: htpps://www.instagram.com/kaalau_Танымал әнші Қайрат Нұртастың 16 жастағы қызы Алау киноға түспек. Ол қазақстандық фильмнің бірінде басты рөлге бекітілді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің жары Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қызына қатысты қуанышты жаңалығын бөлісіп, оны Алматыға шығарып салған сәтінен сурет жүктеген.

“Алаудың болашақтағы арманына қарай аз-аздап қадам жасап жүргенін өздеріңіз білесіздер. Енді міне, үлкен картинаға шақырту алды. Мұны таптырмас тәжірибе деп қабылдап отырмын. Қазір Алауды әуежайға шығарып салуға бара жатырмын, бұйырса Алматыға ұшады. Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров сынды кәсіби актерлермен бірге түседі. Алау басты рөлдердің бірінде ойнайды. Ана ретінде өте қатты қуаныштымын. Фильм осы көктемде үлкен экранға шығады”, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Алау да бұл жаңалыққа қатысты толқынысын жасырмай, “танымалдылықты” сезініп бастағанын айтып қалжыңдады.

“Қолдауыңызға рахмет, мама. Қазір аздап уайымдап жүрмін. Бұл – менің алғашқы үлкен жобам. Қобалжу бар”, – деді ол.

Актриса ана ретінде қызына әрдайым қолдау білдіретінін алға тартты.

Ана болған соң, қызым үшін әрдайым алаңдап отырамын. Бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсету – менің міндетім. Балаларымның барлық бастамасына дайынмын. Көрсін, білсін, ойлансын деген ниеттемін”, – деп жазды ол.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.