Мақпал Жүнісова Тұрсынбек Қабатовты ашық сөзбен сынға алды

2 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© instagram.com/zhunusova.makpal / instagram.com/tursynbek_kabatov_resmiТанымал әнші Мақпал Жүнісова тойлардың бірінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі жайлы әзілдеп, жұртты күлкіге қарық қылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде өнер иелерінің бірге тойда жүрген видеосы жарияланды. Кадрларда Мақпал Жүнісова шара барысында шоумен Тұрсынбек Қабатовқа өткір сөз айтқан.

“Тұрсынбекжан, біз сені қатты жақсы көреміз. Бақытты бол! Қайда жүрсең де, кіммен жүрсең де. Бірінші, екінші, үшінші, төртіншімен жүрсең де, бақытты бол. Жақсы”, – дейді әнші.

Осыдан кейін ол желпуішін сермеп, әзілкешке жауап беруге мүмкіндік қалдырмай, кетіп қалады. Желі қолданушылары бұл сөздерді әртістің жеке өміріне қатысты дауға тікелей жауап ретінде қабылдады. Пікірлерде қазақстандықтар әншіні белсенді түрде қолдады.

”Мақпал апат қолдамайтынын білдірді”, “Өнер адамдары арасынан бетіне айтқан біреу табылды-ау”, “Мақпал ханым тек шындықты айтады”, “Сауап болды”, “Мақпал ақылды әйел, дұрыс айтты”, “Өте дұрыс, тизігіп айтты, жарайсыз”, – деп жазған олар.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.