Әншінің көліктегі видеосы әкімшілік іспен аяқталды

2 566

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Instagram.com/rinat_shamshyrakҚазақстандық әнші Ринат Шамшырақ Instagram желісінде жариялаған видеосынан кейін бірден үш құқықбұзушылық бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жуырда әке атанған әнші әлеуметтік желідегі парақшасына отбасымен бірге көлікте түсірілген видео жариялаған. Кадрдан жаңа туған сәбидің автокөліктің алдыңғы орындығында арнайы ұстап тұратын құрылғысыз жатқанын көруге болады. Ал әншінің жұбайы көліктің артқы орындығында отырған.

Видео желіде тарағаннан кейін қолданушылар сәбидің қауіпсіздігіне алаңдап, әншінің әрекетін сынға алды. Кейбір желі қолданушылары Алматы қаласының полиция департаментін белгілеп, жол қозғалысы ережесін бұзғандарға шара қолдануды сұраған.

Полиция аталған видеоға қатысты тексеру жүргізіп, көлік жүргізушісі мен жолаушыны анықтады.

“Әлеуметтік желіде Lixiang L7 автокөлігінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны бейнеленген видео жарияланды. Тексеру барысында жүргізуші мен жолаушы анықталды. Олар баланы арнайы ұстап тұратын құрылғысыз тасымалдағаны, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тағу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды”, – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Сонымен қатар жүргізушімен мұндай құқықбұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Фото: Скриншот

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.