Блогер Гусейн Гасанов 4 жылға сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Танымал ресейлік блогер Гусейн Гасанов төрт жылға сотталды, - деп Opennews.kz ақпарат агенттігі qazaqshanews сілтеме жасап хабарлайды.
Мәскеудің Пресненский аудандық соты блогер Гусейн Гасановты қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру ісі бойынша сырттай кінәлі деп таныды.
Сот блогерге төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар оған 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ сот оған екі жыл мерзімге электрондық және ақпараттық-телекоммуникациялық желілердегі сайттарды басқаруға қатысты қызметпен айналысуға тыйым салды.
Қаз
Рус






