Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

2 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/erkebulan_toktarАтақты ММА спортшысы, блогер Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы прокуратурасының мәліметінше, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желілерден спортшының бейәдеп сөздер айтқан видеосын анықтаған.
Іс материалдарын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қараған. Еркебұлан Тоқтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Алматы прокуратурасы танымал болу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Еркебұлан Тоқтар – қазақстандық ММА файтері, актер әрі әлеуметтік желіде танымал блогер. Ол спорттағы жетістіктерімен және кинодағы рөлдерімен көпшілікке танылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.