Ердос Қанаев: "Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес"

2 519

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/erdoskanaev“Жігіттер” тобының әншісі Ердос Қанаев сырт келбетіне қатысты пікір айтқандарға жауап берді, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, кейінгі видеоларының біріне желі қолданушылары оның қартайып кеткенін жазғанын алға тартты. Бұл пікірлер әншіні өміріндегі қайғылы кезеңдер туралы ашық айтуға итермелеген.

Ердос Қанаев адамның түр-тұлғасындағы өзгеріс тек жасқа байланысты емес екенін, кейде үлкен қайғы мен жан жарасы да адамды бір сәтте есейтіп жіберетінін жеткізді.

“Алдыңғы рилста “Қартайып кетіпсіз”, “Бұл да қартайыпты” деген сынды пікірлер жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау Әкең о дүниелік болса қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!” – деп жазды ол.

Ердос Қанаевтың жазбасы оқырмандарға әсер етіп, желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін қалдырды.

“Адамды қартайтатын уақыт емес, адамды қартайтатын оқиғалар”, “Қайтая алмай дүниеден өткендер қанша де… Ерақа, өмір ғой. Сәттілік!”, “Сол қайғыға төтеп беріп аман жүргеніңіздің өзіне шүкір. Алланың алдыңыздан берер нығметі көп болсын”, – деп жазды олар.      

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.