Қазақстандық блогер BikaBreezy Қытайда "Жылдың танымал әні" жүлдесін алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Көпшілікке BikaBreezy лақап атымен танымал қазақстандық блогер әрі әнші Биназир Ермағанбетова қытайлық рэпер JayTrue-мен бірге орындаған Bāshì әні үшін Қытайдағы музыкалық жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қос орындаушының туындысы Pop Songs Chart 2026 байқауында “Жылдың танымал әні” номинациясын жеңіп алды.
Bāshì биыл ақпан айында жарық көрген. Ән көп ұзамай әлеуметтік желілерде кең тарап, түрлі челлендждерге арқау болды. Кейін тректі Шанхайдағы клуб диджейлері де жиі қоя бастаған.
Жүлдеден кейін Биназир Ермағанбетова әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарына алғыс айтып, жетістікке жетудің басты шарттары туралы жазды.
“Ішкі күш, тәртіп, талант, өзіңмен тұрақты жұмыс істеу, икемділік, жауапкершілік және өміріңе дәл керек сәтте жолығатын адамдар міндетті түрде нәтижеге жеткізеді. Ең бастысы – алға жүре беру. Тіпті жол әлі көрінбей тұрса да”, – деді әнші.
BikaBreezy Қытай аудиториясына 2026 жылы The Rap of China музыкалық жобасына қатысқаннан кейін кеңінен таныла бастаған.
Қаз
Рус






