«Шаршадым, Аллаһқа кетуге дайынмын» Хейт астында қалған Айтуған жұртшылықтан аяушылық сұрады

2 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

​Фото:TikTok/ai2qanqalymovТанымал блогер Айтуған желіге қайта келіп, соңғы уақытта өзіне айтылған сын-пікірлердің ауыр тиіп жүргенін айтқан. Ол хейттен шаршағанын айтып, «Алланың алдына кетуге дайын» екенін мәлімдеген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның бұл сөздері әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, көп ұзамай қызу талқыға түсті.

Әңгіме барысында үш кішкентай баламен қалған бұрынғы әйелі Ильнураның жағдайында айтқан. Бұған дейін Айтуған Ильнураға талақ берген еді. Кейін Ильнура әлеуметтік желіде көпшіліктің қолдауына ие болып, оқырмандарының саны артып, басынан өткен жағдайлар туралы ашық айта бастады.

Айтуғанның соңғы сөздерінен кейін желі қолданушылары Ильнура мен Сейфоллаға қатысты айтылған жайттарды да қайта талқылап жатыр. Сонымен қатар оның бұған дейін зина және жүктіліктен кейінгі неке туралы айтқан мәлімдемелері де бар.

Threads әлеуметтік желісінде бұл жағдайға қатысты пікір екіге бөлінді. Кейбір қолданушылар Айтуғанның қазіргі жағдайын ойлап, оған қолдау білдірсе, енді бірі оның соңғы мәлімдемесін бұған дейін көтерілген мәселелерден назарды басқа арнаға бұру әрекеті ретінде қабылдаған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.