Микроқаржы ұйымы жабылса да, қазақстандықтардың қарызы жойылмайды

1 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: PinterestҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымының (МҚҰ) қызметін тоқтатуы микрокредит бойынша қарыздың жойылатынын білдірмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Агенттік МҚҰ жұмысын тоқтатқан жағдайда қарыз алушылардың қалай әрекет етуі керектігін түсіндірді.

Төлем жасауды тоқтатпаңыз

Қарыз рәсімдеу кезінде қарыз алушы алған ақшасын қайтаруға және жасалған шарттың талаптарына сәйкес сыйақы төлеуге міндеттенеді. Бұл міндеттеме МҚҰ лицензиясынан айырылған, таратылған немесе банкрот болған жағдайда да сақталады.

Қарыз бойынша талап ету құқығы енді кімге тиесілі екенін анықтаңыз

Қарыз алушының міндеттемесі МҚҰ алдында немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) белгіленген тәртіппен берілген жаңа кредитор алдында сақталады.

Егер қарыз басқа қаржы ұйымына немесе коллекторлық агенттікке беріліп, төлем жасау деректемелері өзгерсе, қарыз алушыға кредитордың ауысқаны және міндеттемелерді орындау тәртібі туралы тиісті түрде хабарлануы керек.

Микрокредит рәсімдемес бұрын МҚҰ лицензиясын тексеріңіз

Микрокредит алмас бұрын ұйымның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар екеніне көз жеткізу қажет. Лицензиясы бар МҚҰ туралы ақпарат агенттіктің сайтында қолжетімді.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 217 МҚҰ жұмыс істейді. 2026 жылдың басынан бері сегіз МҚҰ лицензиясы кері қайтарылып, тағы екі лицензияның қолданысы уақытша тоқтатылған.

МҚҰ-мен дау туындаса

МҚҰ-мен келіспеушілік туындаған жағдайда қарыз алушы микроқаржы омбудсманына жүгіне алады. Микроқаржы омбудсманының қызметтері қарыз алушылар үшін тегін.

2026 жылғы 1 қазаннан бастап қазақстандық банктер тұтынушылық онлайн-қарыздарды рәсімдеу кезінде сауалнама жүргізе бастады. Сауалнама нәтижесінде алаяқтық белгілері немесе банк қызметтерін тұтынушы жеке тұлғаның үшінші тұлғалардың ықпалымен (әлеуметтік инженерия) әрекет еткені анықталса, банк қарыз алу мән-жайларын қосымша тексереді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.