«Бақыт тілеңіздер»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтерді

2 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/dariga_badykovaТанымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке бақыт пен тағдыр туралы жазба жариялап, көпшілікке үндеу жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әр адамның өз тағдыры мен бақыты бар екенін айтып, өзгенің өміріне төрелік етпеуге шақырды.

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған», – деп жазды актриса.

Дариға Бадықова өз жазбасында ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін де ашық жеткізді.

«Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деді өнер иесі.

Актрисаның бұл жазбасынан ол жұрттың пікірінен гөрі адамның жеке бақыты мен жан тыныштығын жоғары қоятынын аңғаруға болады. Дегенмен Дариға Бадықова жазбасында нақты қандай жағдайға байланысты мұндай мәлімдеме жасағанын ашып айтпаған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.