Перизат Қайраттың туыстарына Дубайдағы пәтерлер қалай тиесілі болған: ҚМА түсіндірді

1 504

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram/01pkҚаржылық мониторинг агенттігі сотталған Перизат Қайраттың туыстары Дубайдағы жылжымайтын мүлікті жымқырылған қаражатқа сатып алды деген болжамды тексеріп, оның расталмағанын мәлім етті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, аталған жылжымайтын мүліктер 2011–2019 жылдары, яғни «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры құрылғанға және П. Қайрат қылмыстық әрекеттерге кіріскенге дейін сатып алынған. Сондай-ақ сотталған азамат пен оның туыстары (А. отбасы) арасында қандай да бір қаржылық есеп айырысулар жүргізілмегені, олардың 20 жылдан астам уақыт бойы жылжымайтын мүлік саудасымен дербес айналысып келгені анықталды.

Агенттік талдау барысында қаражатты заңдастырудың барлық тізбегі анықталғанын атап өтті. П. Қайрат қайырымдылыққа жиналған ақшаны қымбат көліктер мен пәтерлер сатып алуға, жөндеу жұмыстарына, сәнді қонақүйлер мен мейрамханаларға, брендтік киім-кешек пен әшекейлерге және бизнес-класпен ұшуға жұмсаған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 161-бабына сәйкес, мүлік тек оның қылмыстық жолмен алынғаны ресми дәлелденген жағдайда ғана бұғатталады және тәркіленеді. Ал күдіктімен туыстық қатынастың болуы мүлікті тәркілеуге немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға заңды негіз бола алмайды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.