«Айтпай бардым»: Төреғали Төреәлі Қызылордадағы тойға тосыннан кіріп барды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Әнші Төреғали Төреәлі Қызылордада жас жұбайлардың тойына ескертпей барып, тосын сый жасаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі қуаныш иелеріне ән шырқап, көпшілікпен бірге тойдың көркін қыздырды.
«Бұл өмірде әр адамның миссиясы бар. Менің миссиям – бір адамға болсын қуаныш сыйлау.
Қазақ елі, мен сіздерді жақсы көремін!
Қызылорда қаласында жас жұбайлардың тойына тосын-сый жасап, той иелеріне айтпай бардым. Дәл осылай халықпен бірге қазақтың тойын өткіздік», – деп жазды әнші.
Қаз
Рус






