"Барып тұрамын"

414

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Айсәуле Бақытбек бүгінде түрмеде отырған әкесіне  абақтыға барып тұратынын айтып, ел алдында бұл тақырыпты мүлдем қозғағысы келмейтінін жеткізді - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айсәуле Бақытбек Instagram желісінде оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

"Иә, барып тұрамын. Ал сіз осындай сұрақ қоймас бұрын, неге бұл тақырыпта ешқандай жазба, сторис жоқ деп ойладыңыз ба? Мүмкін оны сөз қылатындай немесе мақтанатындай себеп көрмеген болармын?! Түсінікті жағдай, бұл тақырып менің жаныма жақпайды. Егер осыған ұқсас жағдай сіздің басыңыздан өтсе, бүкіл елге жария еткіңіз келер ме еді?! Ендеше мұндай сұрақ қоймас бұрын, алдымен мен жүріп өткен аяқ киімді неге киіп көрмеске?

Инстаграмдағы адамдарға ұқсап, аяушылық сезімін тудырғым, мұндай сұм жолмен аудиторияның махаббатын жаулағым келмейді. 

Құдайға шүкір, анам ақылсыз әйел емес. Әкемізбен арадағы мәселесін балаларына өткізген жоқ. Әкем де солай. Сондықтан да анаммен де, әкеммен де қарым-қатынасым керемет. Сіз осыны ғана білсеңіз жеткілікті. Ал сіз тәрбиесіз, әдепсіз және ақылсыз әйелсіз", - деп жазды Айсәуле.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.