Пандемиядан кейінгі алғашқы шоу: Димаш Құдайберген Дубайда концерт береді

337

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Димаш Құдайберген тыңдарманымен қайта қауышпақ. Әнші Біріккен Араб Әмірліктерінде концерт бермек. Ауқымды шара наурыз айына жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Dears үшін қуанышты хабарды Димаштың ата-анасы жеткізді. Қанат және Света Айтбаевтардың ресми парақшасында алда болатын шоудың анонсы жарияланды. 

Ән кеші 2022 жылдың 25 наурызында, Дубайдағы Coca-Cola аренасында өтеді. Билеттер сатылымға шығып үлгерді. Бұл - өнер иесінің пандемиядан кейінгі алғашқы концерті болмақ. 

Айтпақшы, Димаш Құдайбергеннің өз парақшасы бұғатталған ұқсайды. Фанаттар желіден Димашты таба алмай, оның анасын сұрақтың астына алған. 

"Біз онымен қалай хабарласамыз? Парақшасына не болды?" деген сауалға анасы: 

"Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз", - деп жауап берген. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.