Бір түнде изолятордан жоғалып кеткен "Дикий Арман" басқа жақтан табылды
688
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
"Тергеу изоляторында жоқ" деген "Дикий Арманның" адвокаттары оның табылғанын хабарлады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің жоғалып кеткені айтылған. Бүгін адвокаттары оны Алматыдан табылғанын мәлім етті.
Арман қазіргі кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінде отыр. Оны елордадан Алматыға ауыстырды. Бірақ, не үшін екені тергеуге байланысты жария етілмейді,— дейді Талғат Есімов.
Ол 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша екі айға қамауға алынған.
Қаз
Рус






