"Дикий Арман" билікті күшпен басып алу бабы бойынша тергеліп жатыр

464

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Қаңтар қасіреті" кезінде ұсталған Арман Жұмагелдиевке қатысты қазір бірнеше қылмыстық іс жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Оның адвокаты Евгений Яворскийдің айтуынша, "Дикий Арманның" ісі бойынша Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин де тергеліп жатыр.

Арман Жұмагелдиевтың ісі "билікті күшпен басып алу" бабымен қаралуда. Бұл баппен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин де тексеріліп жатқанын айта кетейік.

Арман Жұмагелдиевтің де, Дәулет Ерғожиннің бір іс бойынша тергеліп жатқанына қарағанда оларды байланыстырмақ сияқты. Қылмыстық іске "өте құпия" белгісі берілгендіктен қолым байлаулы, бар ақпартты көпшілікке бөлісе алмай отырмын,—деп жазады Евгений Яворский.

Оның айтуынша, қоғам қайта мұндай даулы істердің мән-жайын біліп, жан-жақты танысқаны дұрыс.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.