"Ән салуға рұқсат жоқ". Хит болған Қойшы бала қайтадан қой бағып кетті

835

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қой бағып жүріп ән айтып, бір-ақ күнде танымал болған Айдос Кәден ауылына қайтатын болды.

Себебі, оның концерт пен тойда ән шырқауына өзінің продюсері Жігер Ауыпбаев пен вокалдан сабақ беретін маман рұқсат бермей отыр. Бұл туралы Экспресс К тілшісіне Қойшы баланың көмекшісі Бақдәулет айтты.

Оның айтуынша, Айдостың өтпелі кезеңде дауыс желбезегі мен көмейіне күш түсірмеу керек екен. Сондықтан продюсері мен вокал маманы оған думанды кештер мен тойларда ән шырқауына тыйым салған. Қазір Қойшы бала туған ауылында сабағын оқып, алаңсыз қойын бағып жүр.

Қазір Айдостың жасы 14-те. Яғни бұл жас өтпелі кезең саналады. Дауысы өзгеріске ұшырауда. Сондықтан продюсері оған ән салуға рұқсат бермеді. Тойларға ылғи шақырту түседі. Бірақ біз рұқсат бермей отырмыз. Қазір қой бағып жүр,— дейді Қойшы баланың көмекшісі Бақдаулет.

Қойшы бала мен әнші Жігер Ауыпбаевтың алғашқы дуэті өткен жылы шықты. Осыдан кейін әншілерді тойға шақыратындар көбейген. Думанды кеште ән салып тұрған сәтінен түсірілген видео Facebook парақшасында тараған еді. Осыдан кейін қос әншінің танымалдылығы одан сайын арта түсті.
instagram.com/koishy__balaҚойшы бала мен әнші Жігер Ауыпбаевтың алғашқы дуэті өткен жылы шықты. Осыдан кейін әншілерді тойға шақыратындар көбейген. Думанды кеште ән салып тұрған сәтінен түсірілген видео Facebook парақшасында тараған еді. Осыдан кейін қос әншінің танымалдылығы одан сайын арта түсті.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.