Қызды болсам деген армандар орындалсын ба, ағайын?

711

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әнші Гүлнұр Оразымбетова  Instagram парақшасында кішкентай қызбен түскен суретін жариялап, болашақта қызды болғысы келетінін жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Жұғысты болсын. Қызды болсам деген армандар орындалсын ба, ағайын? Қыз деген неткен тәтті еді", - деген жазба қалдырды әртіс.

Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, арманының тезірек орындалуын тіледі. "Қандай күшті. Алла тағала қызды болуыңызды қабыл етсін. Қызыңыз көп болсын", "Жұғысты болсыншы сізге де. Қыз баланың орны бөлек дегенмен", "Алла беріп жатса, ерте кеші жоқ, бұйыртсын", "Жассың. Егіз қызыңыз болсын", - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлнұр Оразымбетова ауылға деген сағынышын жеткізген болатын. Өнер иесі бүгінде елордада тұрып жатқанымен, өзі үшін ауылдың орны ерекше екенін алға тартты.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.