Түркістан облысының ауылдарын су басты

233

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Облыстың Төлеби ауданында жекеменшік балабақша ауласы мен жеке сектордың 25 аула аумағын су басты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазіргі таңда Түркістан облысының құтқарушылары жауын-шашынның салдарынан болған су тасқынының салдарын жоюды жалғастыруда.  7 қарашада сағат 17.30-дан бастап Түркістан облысында толассыз жаңбыр жауды. Облыстың Төлеби ауданында жекеменшік балабақша ауласы мен жеке сектордың 25 аула аумағын су басты, - деді ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдай министрлігінің өкілі жағдайдың Түркістан облысы әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында екенін айтты.

Арнайы мобильді құтқару жасағы құрылып, іске қосылды. Қазір Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаменті суды сорып, инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізуде. Қазірдің өзінде 200-ден астам қап төселді, су жиналатын жерлерге 300-ге жуық қап төсеу жоспарлануда. Атаулы көмек бар. Алдын алу жұмыстары жалғасуда. Ал, синоптиктердің болжауынша, 8 қарашада облыста тағы да қатты жауын-шашын күтіледі, - деп ескертті Иманқұлов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.