Теракт жайлы жалған хабар таратқан 8 адам түрмеге қамалды

252

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

2022 жылы Қазақсанда теракт туралы жалған ақпарат таратуға қатысты 138 қылмыстық іс қозғалған. Оның 20-ы сотқа жетіп, 8-і бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz дерегінше, осындай қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 34 адам ұсталған, оның 17-і жазаға тартылған: сегізі бас бостандығынан айырылды, бесеуінің жүріп-тұруы шектелді, екеуі шартты жаза алды, тағы біреуіне айыппұл салынған. 

“Терроризм актісі туралы әдейі жалған ақпарат таратқандарға 5 мың АЕК айыппұл (2022 жылы бұл – 14,5 млн теңге) салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе бас бостандығы 5 жылға дейінгі мерзімге шектеледі немесе бас бостандығынан айырылады”, – деп ескертті ішкі істер қызметкерлері. 

Ұсталғандар арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. Олардың біреуінің ата-анасы жазаға тартылған: бала тәрбиесіне қатысты міндетін дұрыс орындамағаны үшін айыппұл төлеген. 

“Бұл қылмысты жасаған 14 жасқа толған адамдар да қылмыстық жауапқа тартылады, сондықтан мұны мектепте оқитындар есте ұстауы керек”, – дейді ішкі істер қызметкерлері. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.