27 жастағы педофил оқушы қыздардың жалаңаш суреттерін шетелдік сайттарға жариялаған

239

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Тик-ток" желісінде 7-10 жас аралығындағы қыздармен хат алмасқан ер адам қыздардың жалаңаш суреттерін шетелдік желілерге жариялаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасының мәліметінше, ведомство мониторинг жүргізу кезінде "Тик-ток" әлеуметтік желісінде 7-10 жасар аралығындағы жас қыздардың анықталмаған тұлғамен хат алмасып, ересектердің ойға келмейтін тақырыптарын талқылау фактілерін анықтады.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол телефон арқылы хат алмасу кезінде балалардан жалаңаш суреттерін жіберуін сұрап, ақша төлейтінін айтқан. Оның үстіне бұл жайт турасында ата-аналарына жақ ашпауды өтінген. Сонымен қатар, ол аталған фото суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге орналастырған, - делінген хабарламада.

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, яғни "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және айналымға салу" бойынша алдын ала анықталған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.