Петропавлдық әйел 3 айлық жиенінен бас тартты

203

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Петропавлда 39 жастағы әйел басқа қалаға жұмысқа кеткен қызының сәбиінен бас тартып, 3 айлық баланы полиция инспекторына ұстатып жіберген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Департамент мәліметінше, 15 қараша күні Петропавл қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесіне қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінен хабарласқан. Маман облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны 3 айлық жиенінің тағдырын шешуге көмек сұрап жүгінгенін айтқан.


Оның айтуынша, сәбидің 18 жастағы анасы қазан айының соңында басқа қалаға жұмысқа кеткен және осы уақытқа дейін оралмаған. Әжесі мемлекеттік органдардан баланы үйден алып кетуді сұраған.


Ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мекенжайға барып қажетті актіні толтырды, кейін қыз бала Петропавлдағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды.


Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сәбидің анасының жүрген жерін анықтап жатыр. Оның ісі ата-ана міндетін тиісті орындамағаны бойынша комиссиялық жолмен қаралып, әкімшілік сипаттағы шара қолданылмақ.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.