ҚАЗАЛЫДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ

99

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілептің төрағалығымен құқықтық оқыту өткізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Құқықтық оқытуға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аталмыш шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктіліктерін пайдалана білу және игеру мүмкіншіліктерін камтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық мәдениетін, сауаттылығын арттыруға, бағытталған практикалық көмек көрсету.

Басқосуда алдымен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Бақытбек Абдуллаев прокуратура тарапынан түскен ұсынуларда жол берілген кемшіліктер туралы айтып өтті.
Мұнан соң аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Абай Дидаров «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысы мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары туралы баяндама жасады.
Ал, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Дидар Сәдуақас ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру туралы түсіндірді.

Семинарға қатысушылар хабарламашыларға күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды. Жиын соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.