Атырауда 13 жасар қызды зорламақ болған ер адам қайтыс болды
481
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Әлеуметтік желіде Атырау қаласында 13 жастағы қызды зорламақ болған күдікті ұсталған жерінде ішкі ағзадан қан кетуі салдарынан камерада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.«6 желтоқсанда жасөспірімді зорламақ болған жерінде ұсталған адамның қамауда қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапты екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, факт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жүргізіліп жатыр», – деді полиция өкілдері.
Қаз
Рус






