Автобуста ер адам бойжеткенге жыныс мүшесін көрсеткен

665

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қоғамдық көлікте ер адам жолаушыға мүшесін көрсетіп, сексуалды әрекет жасаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 

Ер адамның әрекеті жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда бұл жағдай Алматыдағы №70 автобуста болғаны жазылған. Қоғамдық көліктегі бойжеткенге сондағы ер кісі ерсі қимыл көрсетіпті. Яғни еркектік мүшесін шығарып, қолымен тояттандырған.

Таңғы мезгілде бойжеткен қоғамдық көлікке отырған. Бірақ қарсы алдында тұрған ер кісі ол қызға тесіле қарап, бір қолымен автобус тұтқасын ұстаса, екінші қолымен өз мүшесін аймалапты. Бойжеткен содан әлі уақытқа дейін өз-өзіне келе алар емес, - делінген ақпаратта.

Суретте ер адамның егде тартқаны байқалады. Бірақ оның әрекетін желі қолданушылары қатты сынға алуда. Басым бөлігі қоғамдық көлікте кішкентай балаларға дейін отыратынын жазып, полицияның дереу шара қолдануын талап еткен.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.