Банкрот рәсімдеу кезінде мүлігін жасырған азаматтар айыппұл төлемек

213

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов банкроттық рәсімі кезінде жалған ақпарат берген жеке тұлғалар айыппұл төлейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Министр орынбасарының айтуынша, азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкрот туралы түзетулер банкрот рәсімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу қажет екенін көздейді.

Мысалы, азаматтың кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында қасақана банкроттық туралы өтініші үшін - 200 АЕК. Жалған ақпарат бергені немесе соттан тыс тәртіпте банкроттықтың шегінде мүлікті (ол туралы ақпаратты) жасырғаны, төлем қабілетін қалпына келтіргені үшін – 100 АЕК, - деді Ержан Біржанов.

Сонымен қатар спикер толықтырғандай, сот банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін бұзғаны үшін қаржы менеджерлеріне 15-тен 100 АЕК-ке дейін жауапкершілік енгізіледі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.