"Мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық" – депутат
205
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Қасіретті қаңтар оқиғасының бір тамыры өткен саяси толқында жатыр. Мемлекет құрдық, астанамызды салдық, еліміздің шекарасын шегендедік. Бұл рас! Дегенмен, 30 жыл ішінде әділеттік принциптерін аяққа басу, өткен ұрпақтың маңдайтерімен жасалған ұлттық байлықты әділетсіз бөлу фактілері болды. Олигархтарға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа болмады. Әлемдік банк есебі бойынша, Қазақстан халқының 15 пайызы – кедей. 30 жылдың ішінде мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық. Ескі жүйенің әлеуметтік-әділетті фактілері, халықты саясаттан шеттету тендециясы мемлекетті, қоғамды Қасіретті қаңтарға итермеледі, – деді депутат.
Читайте также

ОРТАЛЫҚ АЛАҢ АШЫЛДЫ
1 595
Қаз
Рус





